Қаралы қаңтар: оқиға қалай өрбіді?
Қаралы қаңтар: оқиға қалай өрбіді?
Фото: exk.kz
455
оқылды
4-5 қаңтарда  Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік хронологиясы: 4 қаңтарда Telegram мен WhatsApp-та Жаңаөзенді қолдау мақсатында митингке шығуға шақырған хабарлама тарады. Сағат 21.20-да жастар Момышұлы мен Рысқұлов көшелері қиылысында жиналды (500-дей адам). Митингке шыққандар Ұлттық гвардия әскери қызметшілерін қоршап, оларға шабуыл жасай бастады. 5 қаңтарда сағат 00.30-да Республика алаңында жиналғандар полиция қызметкерлеріне ұрып, әкімдік ғимаратына шабуылдады. Сағат 2.30-да митингке шыққандар Наурызбай батыр – Сатпаев көшелері қиылысында «Алматы тазалық» көлігін алып кетті. Сатпаев – Желтоқсан көшелері қиылысында қызметкерлер жарық-дыбыстық, көзден жас ағызатын газ граната қолданды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар (800 адам) Сейфуллин – Тимирязев көшелері қиылысында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Сағат 3.30-да Райымбек батыр – Момышұлы көшелерінің бұрышында жаппай тәртіпсіздікке шыққандардың қозғалысына тосқауыл қойылды. https://www.youtube.com/watch?v=jVq_mT3ubiI&ab_channel=AikynGazeti