Құтқарушылар құдыққа құлап кеткен баланы 5 күннен бері құтқара алмауда

Құтқарушылар құдыққа құлап кеткен баланы 5 күннен бері құтқара алмауда

Марокконың солтүстігінде құдыққа құлап кеткен бес жасар баланы құтқарушылар 5 күн бойы шығара алмай жатыр. Бұл туралы жергілікті Hespress газеті хабарлады.
Оқиға Марокконың Шефшауэн деген шағын қаласында болды. Райян есімді баланы құтқару операциясы 5 күннен бері жалғасып жатыр. Құтқару жұмыстарын топырақ эрозиясы қиындатып отыр. Құтқарушылар асқан сақтықпен жұмыс істеп жатыр, себебі баланың үстін топырақ басып қалмауы керек.
Баланы құтқаруға экскаваторлар тартылған. Олар балаға жету үшін қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр.