Тұрғындар 7 баласымен далада қалған анаға үй салып берді
Тұрғындар 7 баласымен далада қалған анаға үй салып берді
Түркістан облысында 7 баласымен қараусыз қалған үйде тұрған ана баспаналы болды. Бұл туралы Түркістан арнасы хабарлады. Түркістан облысы Арыс ауданының тұрғыны Эльмира Әбекова тағдыр тауқыметін көп тартқан. Жеті баланың анасы 10 жыл бойы саяжай мен қараусыз қалған үйлерді паналап келген екен. Көпбалалы ананың осы жағдайын білген қайырымды жандар 20 млн теңге жинап, оған үй салып берді. Бұл игі іс анамен қоса балаларына да қуаныш сыйлады.  width=

Фото: Түркістан арнасы