Ақтауда жол талғамайтын көлік отқа оранды
Ақтауда жол талғамайтын көлік отқа оранды
159
оқылды
Ақтауда Toyota RAV-4 көлігі қаладағы №5, 6, 7 және 8 ықшамаудандар арасындағы жол қиылысында отқа оранды.
Төтенше оқиға 4 ақпанда сағат 19:09-да орын алды, деп жазады Lada.kz. Оқиға орнында сегіз құтқарушы жұмыс істеді. Өрт жеті минут ішінде сөндірілді. Ресми ақпарат бойынша, өрт көліктің электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Көлік 2003 жылы шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.