Бейжің Олимпиадасы: 6 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?
Бейжің Олимпиадасы: 6 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?
6 қаңтар күні қазақстандықтар Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының жарысында спорттың 3 түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports.kz сайты. 6 ақпандағы кесте: 13:00 – Шаңғы жарысы. Ерлер. Скиатлон (15 км классикалық стильде + 15 км еркін стильде). Финал. Виталий Пухкало, Евгений Величко. 16:00, 17:30 – Фристайл (могул). Әйелдер. Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко, Олеся Граур. 17:00, 18:00 – Трамплиннен секіру (К-98). Ерлер. Бірінші раунд, финал. Данил Васильев, Сергей Ткаченко.