Алматыда қарасора өсірген 74 жастағы зейнеткер ұсталды
Алматыда қарасора өсірген 74 жастағы зейнеткер ұсталды
Сурет: https://inbusiness.kz/
224
оқылды

Медеу ауданындағы үйлердің бірінде есірткіні алаңсыз өсірген 74 жастағы зейнеткер құрықталды, - деп хабарлайды КТК арнасы

Есірткіні 15 жылдан бері ермек етіп келген зейнеткер оны сатып алғаннан гөрі өзі өсіруді жөн көрген. Күн сәулесін алмастыратын арнайы жарықтың астына қара сораны ыдысқа егіп, температурасы мен ылғалдығын жіті бақылаған. Тіпті шөптің өсуін тездететін тыңайтқыштары да бар екен. Есірткіні қолдануға арналған құрылғының жанында, қарасораның дәндерін де қорапқа жинап қойған.