Мексикада белгісіз біреулер 16 адамды өлтіріп кетті
Мексикада белгісіз біреулер 16 адамды өлтіріп кетті
Сурет: tass.ru

Мексиканың орталығындағы Сакатекас штатында белгісіз біреулер 16 адамды өлтіріп кетті. Бұл туралы жергілікті прокуратура хабарлады.

«Фреснильо және Панфило-Натера муниципалитеттерінде 10 және 6 адамның мүрдесі табылды», — делінген хабарламада.
Билік өкілдері қазір тергеу амалдарының жүріп жатқанын айтты.
«Тергеу барысы жайлы ақпарат тек ресми арналар арқылы таратылады», — деп ескертті ведомствода. Оқиғаға не себеп болғаны жарияланған жоқ.
Сакатекасте «Синалоа» және «Халисконың жаңа буыны» есірткі картельдері арасында жанжал бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл шиеленіс аймақтағы зорлық-зомбылықтың күрт өсуіне әкеп соқты.