Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышылардың скиатлондағы нәтижесі
Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышылардың скиатлондағы нәтижесі
Сурет: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Бейжің Олимпиадасында шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы скиатлон (15 шақырым классикалық әдіс + 15 шақырым еркін әдіс) бәсекесі аяқталды. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижесін назарға ұсынады. 

30 шақырымға созылған жарысқа Қазақстан атынан екі шаңғышы қатысқан болатын. Қазақстандық Виталий Пухкалов төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, 32-ші орынға тұрақтады. Ол жеңімпаздан 7 минут 35 секундқа қалып қойған. Тағы бір спортшымыз Евгений Величко жарысты аяқтай алған жоқ. Скиатлоннан Олимпиада чемпионы атағын ресейлік Александр Большунов жеңіп алды. Күміс медальді оның отандасы Денис Спицов иеленсе, қола медальді финляндиялық Ийво Нисконен еншіледі.