"Дикий Арманның" ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
"Дикий Арманның" ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
Фото: tv 7 kz
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевтің ұсталған сәтінен видео тарады. Арнайы операция Алматыдағы қонақүйлердің бірінде болған. 7 қаңтарда Алматыда полицейлер  Арман Жұмагелдиевтің ұсталғанын хабарлаған еді. «Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды. «Ұстау барысында күдіктілерден маркалары мен калибрі әртүрлі 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автомобиль алынды», – деді министрлік өкілдері. Бұдан кейін қылмыс әлемінің серкесі жоғалғаны туралы мәлімет тараған болатын. https://www.youtube.com/watch?v=yIYAIEoZLhE&ab_channel=AikynGazeti