Республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 7 ақпанда Қарағанды облысының түнде батысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды қаласында күндіз 7 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Жезқазған қаласында түнде 7 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде және батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде және батысында 15-20 м/с. 7 ақпанда Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында және орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында және орталығында екпіні 17 м/с. Ақтөбе қаласында 7 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысында: Іле Алатауы, Жетісу Алатауында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15-20 м/с. Қырғыз Алатауы: кей жерлерде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. Талас Алатауы: қар, түнде және таңертең қатты қар. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Тарбағатай: күндіз кей жерлерде бұрқасын. Оңтүстік-шығыс желі, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақмола облысының түнде батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында 7 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі. 7 ақпанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 7 ақпанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 7 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі. 7 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында 7 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 7 ақпанда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.