Бублик ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
Бублик ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпелье ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 3-ші, осы жарыстың 1-ракеткасы, германиялық Александр Зверевпен бас жүлдені сарапқа салды. Осы жолы да қазақсандық спортшы ойын тізгінін уысынан шығармай, 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында А.Бублик 8 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады. Бұдан бұрын қарсыластар бір рет кездесіп, онда А.Бублик жеңген болатын. Осылайша, А.Бублик өзінің спорттық жолында алғаш рет ATP додасында жеңімпаз атанып отыр.