Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«ҚТЖ» отандық өнімге иек артады

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 31, 2020
Саясат, Жаңалықтар
«ҚТЖ» отандық өнімге иек артады
64
қаралым

29 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС базасында Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіруді локализациялау және импорт алмастыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Шараға Ин­дустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, «Самұрық -Қазына» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер палатасының өкілдері, теміржол өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорын басшылары қатысты.

Теміржол машинасын жа­сауды ары қарай дамыту, өндірісті локализациялау ел экономикасы өсімінің басым бағытына айнал­ды. «Біздің ортақ мақсатымыз – өндірістің жоғары локализация­сын қамтамасыз ету және халық­аралық сауданы біртіндеп қолға алу. Қазіргі кезде теміржол сала­сына қажетті көптеген өнім Ресей мен Украинадан тасы­малданады. Сыртқы өндіріске қажеттілікті біртіндеп азайтатын боламыз», – деп мәлімдеді Б.Қамалиев.

Платформалар өндірісіне қаржы тарту, кәсіпорындарды ірі тапсырыстармен қамтамасыз ету, «Тұлпар» вагон шығару зауыты бойынша зауытқа қолдау көрсету жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кеңес барысында атап өтіл­гендей, өндірушілерге қойы­латын басты талап – шығарылатын өнімдердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төраға­сының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, қо­салқы бөлшектерді өндіруші­лермен кооперацияны күшейту арқылы барынша локализацияға қол жеткізу маңызды.

5 жылда тұрғын үй мен азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Отандық бизнес орға жығылмасын десек…

Алтынкөл мен Достық арқылы Қытай тауары еуропалықтарға жетеді

Кеңейтілген кеңес қарса­ңын­да, биылғы жылдың 28 қаң­тарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшы­ла­ры мен мамандары және 30-дан ас­там отандық машина жасау кәсіп­орындары өкілдерімен кез­десу өткен еді. Аталған басқосу бары­­сында теміржол көлігінің техни­калық құралдарын, атап айтқанда вагондар мен локомотив бөлшек­терін, теміржол телемеха­ни­ка мен автоматика жүйелерін, электрмен жабдықтау құрылғы­лары мен барлық жаңа қосалқы бөлшек­те­рін шығаруды ұйымдас­тыру жөніндегі ұсыныстар талқы­ланды. Сондай-ақ кеңей тілген кеңестің қорытын­дысы бойынша теміржол өнім­дерін өндіру кезінде Қа­зақстан аумағындағы жергілікті үлесті арттыру туралы төрт ке­лісімге қол қойылды. Атап айтсақ, Asia Trafo ЖШС стансасының құрал-жаб­дықтары мен жоғары­вольтты құрал-жабдықтарын шығару, «Проммашкомплект», «Локомо­тив құрастыру зауыты», «Электро­воз құрастыру зауыты» ЖШС локомотивтер үшін тұтас құйы­лып, шыңдалған дөңгелек­терді өндіруді игеру бойынша, Kazcentrеlectroprovod ЖШС-мен темір­жол автоматикасы мен телеме­ханикасы жүйесі, локомо­тив­тердің қосалқы бөлшектерін шығару бойынша 12 келісім жа­сал­ды.

 

«ҚТЖ» отандық өнімге иек артадыМадияр ТӨЛЕУ

 
Тегтер: Берік Қамалиевимпорт алмастыруҚТЖлокализациялауотандық өнім
Алдыңғы жаңалық

Apple компаниясына 1,1 миллиард доллар айыппұл салды

Келесі жаңалық

Қазақ журналистикасының қара нары

Ұқсас жаңалықтар

ШҚО
Жаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 2021
оқушы
Жаңалықтар

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 2021
Әлия Әбсеметова
Жаңалықтар

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 2021
Қостанай
Жаңалықтар

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 23:30

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 22:48

Әлия Әбсеметова: Халықты толғандыратын мәселені шешуге атсалысамын

Қаңтар 23, 22:13

Қостанай облысында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 21:48

Жұмағұлов – Альбази жекпе-жегінің уақыты өзгерді

Қаңтар 23, 21:20

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер берілді

Қаңтар 23, 20:50

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын неге жұмсайтыны белгілі болды

Қаңтар 23, 20:24
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

ШҚО

ШҚО-да жол апатынан 4 адам жарақат алып, 1 адам көз жұмды

Қаңтар 23, 2021
оқушы

Өнертапқыш оқушы вирустан қорғайтын ерекше маска ойлап тапты

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»