ҰЭМ министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады. Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылы — ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 2021 жылғы қаңтардан бастап ҰЭМ аппаратының басшысы болды.