Алматы полициясы қарияны таяқпен ұрған ер адамға қатысты істі тергеуді бастады
Алматы полициясы қарияны таяқпен ұрған ер адамға қатысты істі тергеуді бастады
© видеодан алынды
Алматы полициясы бастығының орынбасары тәртіп сақшылары ер адамның қарт кісіні таяқпен ұрғаны туралы істі тексеруді бастағанын хабарлады.
Видео әлеуметтік желілерде бір күн бұрын пайда болды. Видеодан жас жігіт көлігінен түсіп, жол бойында тұрған қарт кісіні таяқпен ұрған сәтін көруге болады. Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов аталған факті бойынша тексеру басталғанын мәлім етті.
«Жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыра отырып, тергеушілер Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлерін жедел қолдау кезінде күдіктіні ұстау жөнінде шаралар қабылдауда. Құқық бұзушыға қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады», – деді полиция бастығының орынбасары.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Kris P Brothers Astana (@kris_p_nursultan_official)