Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, – деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" ҰҚК-ге сілтеме жасап.
"К.Мәсімов, А.Садықұлов және Д.Ерғожинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іске "өте құпия" белгісі берілді", – делінген хабарламада.Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды. Бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі қалай тергелетіні туралы хабарлаған болатынбыз.