Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктен 36 мыңға жуық жаңа оқиғалар тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңнан астам қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады, – деп хабарлады ttjk.info.
Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрі: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыры. Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.«2019 жылы Павлодар қаласында жоғары технологиялық желілік үдеткіші бар жаңа онкологиялық орталық іске қосылды, қазіргі уақытта аппаратта сәулелік терапия қызметтері көрсетіледі. 2020 жылы жаңа Маңғыстау облыстық орталығы іске қосылды, қазіргі уақытта онда заманауи жабдықтар (КТ, МРТ, желілік үдеткіш) орнатылды. 2019 жылдан бастап ҰҒМО мамандандырылған көмек көрсетеді, қазіргі уақытта Протон орталығын және басқа да жоғары технологиялық бөлімшелерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2021 жылы Өскемен қаласында (ШҚО) желілік үдеткіш іске қосылды. Сондай-ақ 2021 жылдың қазан айынан бастап ҚазОжРҒЗИ базасында Томотерапия орталығының жұмысы басталды. Республикалық ұйымдарда қашықтан жоғары технологиялық сәулелік терапия (Томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT), интраоперациялық сәулелік терапия, ағзалар мен тіндердің биотрансплантациясы, аз инвазивті хирургия дамып, пациенттерге ұсынылады. Клиникалық практикада әртүрлі биологиялық маркерлерді (иммуногистохимия, молекулярлық-генетикалық зерттеулер) айқындау бойынша қызметтер ұсынылады, бұл онкологиялық науқастарды дербестендірілген емдеуді жүргізуге мүмкіндік береді және ҚІ молекулярлық-биологиялық ерекшеліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді», – деді ДСМ штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» Акционерлік қоғамының басқарма төрайымы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова.Кешенді жоспарда Нұр-Сұлтан, Семей, Шымкент және Ақтөбе облыстарында қосымша ПЭТ-орталықтарын ашу жоспарланған. 2021 жылдың сәуір айында Семей қаласында радиоизотопты диагностика мен радионуклидті терапияны қолдана отырып, Қазақстандағы алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды. Онда радиойод терапиясы жүргізіледі. Қазақстанда жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ГОБМП) кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған. Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі:
- сүт безі қатерлі ісігінің скринингі;
- жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі;
- колоректальды қатерлі ісік скринингі.