ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров "Таза энергия төңкерісі және оның ЕҚЫҰ аймақтарындағы зардаптары" тақырыбы бойынша парламенттік веб-диалогқа қатысты.
Кездесуге қатысушылар энергетикадағы қазіргі жағдай, соңғы технологиялық жаңалықтар мен таза энергияға көшуге байланысты оның геосаяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарын талқылады. Дәстүрлі энергетика жаһандық жылынуға әсер ететін булану газдарының шығарындысы туындайтын негізгі көз екені, осыған байланысты жоғарыда айтылған ауысу кезеңінде елдер мен олардың парламенттерінің үйлестірілген ұстанымы мен өзара іс-қимылы қажет болатыны атап өтілді. ЕҚЫҰ ПА Вице-президенті – Орнықты даму мақсаттары саласындағы арнаулы өкіл Асқар Шәкіров өз сөзінде Қазақстан дәстүрлі энергетикалық ресурстардың көптігіне қарамастан, ОДМ іске асыру аясында "жасыл" дамудың әлемдік үрдістерін белсенді ұстанатынын атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атмосфераға булану шығарындысын 2030 жылға дейін 15%-ға азайту және Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегінен бейтарап болуға қол жеткізу міндетін алға қойған болатын. Диалогқа қатысушылар энергия тиімділігі, электрлендіру және биоотын мен сутегіне көшу есебінен энергетика секторындағы шығарындыларды 97%-ға дейін қысқартуды көздейтін көміртегінен бейтарап болуға қол жеткізу жөніндегі әзірленген доктринамен танысты. Төраға орынбасары ғылыми-техникалық прогресс энергетиканың өтпелі кезеңдерінің ажырамас бөлігі ретіндегі маңызын талқылау тұрғысында және жалпы қазіргі заманғы қатерлерге жауап аясында біздің Мемлекет басшысының биылғы 11 қаңтарда Парламентте сөйлеген сөзінде техникалық бағыттарда мамандар даярлауға басымдық беру жөнінде жариялағанын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстанда саладағы әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ "жасыл өсу" процесінде білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау шараларын әзірлеумен бірге әлеуметтік мәселелердің барлық салалары көзделуі тиіс екендігі атап өтілді. ЕҚЫҰ ПА экономикалық мәселелер жөніндегі жалпы комитетінің мүшесі Ғұмар Дүйсембаев та веб-диалогқа қатысты.