Facebook пен Instagram-да Иманғали Тасмағамбетовтің атынан ашылған фейк парақшаларды көруге болады. Алайда оның жеке басының бұл аккаунттарға қатысы жоқ, – деп хабарлады stopfake.kz.
«Құрметті достар! Соңғы уақытта әлеуметтік желіде менің атымнан түрлі тақырыпта арандатушылық ақпарат жүктелген жалған аккаунттар мен парақшалар пайда болып жатыр. Сөз жоқ, бұл жеке менің абырой-беделімнен бөлек, әрбір азаматтың ғаламтордағы қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатерді көрсетеді. Ресми түрде мәлімдеймін, менің әлеуметтік желіде ешқандай парақшам жоқ. Баршаңыздан мұндай арандатуға қарсы тұрып, жалған ақпарат таратпауларыңызды сұранамын. Құрметпен, Иманғали Тасмағамбетов», – деді ол.