Арман Жұмабеков жаңа қызметке тағайындалды
Арман Жұмабеков жаңа қызметке тағайындалды
187
оқылды
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевтің бұйрығымен Агенттік аппаратының басшысы болып Арман Жұмабеков тағайындалды. Бұл туралы  ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Арман Дайырұлы Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады. Әр жылдары Ақмола облысы бойынша Салық комитетінде, Мемлекеттік кірістер министрлігінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 2019 жылы — ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 2021 жылғы қаңтардан бастап ҰЭМ аппаратының басшысы болды. Марапаттары: «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі.