Полицей жүкті әйелді құтқарды
Полицей жүкті әйелді құтқарды
Фото: elorda.info

Пойызда кенеттен денсаулығы күрт нашарлаған жүкті әйелді полицей құтқарып қалды.

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше «Қазақстан» станциясынан (Ақсай қаласы) 3-4 шақырым жерде болды. Ерлі-зайыпты Орал-Алматы жолаушылар пойызымен Ақтөбеге бара жатқан. Бірақ «Қазақстан» станциясынан шыққаннан кейін жүктілігіне 8 ай болған әйелдің денсаулығы күрт нашарлаған. Пойыз тоқтап, машинист-диспетчер шұғыл көмек керектігін хабарлаған. Оқиға орнына «Қазақстан» станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Мұқатай Аяпов жылдам жеткен. Пойыз айдалаға тоқтағандықтан, оған жедел жәрдем көлігі жете алмаған. Полиция подполковнигі Мұқатай Аяпов күртік қарға қарамастан, әйелді көтеріп алып шығып, автокөлігімен Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізген. Әйелге ауруханада операция жасалды. Қыз бала дүниеге келді. Ана да, сәби де аман-есен. Ерлі-зайыпты полицейге алғыс айтты.