Шығыс Қазақстанда 50 ақбөкенді атқан күдіктілер ұстатпай жүр
Шығыс Қазақстанда 50 ақбөкенді атқан күдіктілер ұстатпай жүр
Фото: Интернеттен алынды
281
оқылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter желісіндегі парақшасында 50 ақбөкеннің қырылғаны жөнінде жазды. «Охотзоопром» инспекторлары Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, атылған 50 ақбөкен мен олардың мүйізін анықтаған.
«Оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. Бүгін «Охозоопром» инспекторлары рейд кезінде атылған 50 ақбөкеннің мүйізін анықтаған. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр. Қылмыскерлер табылып, тиісті жазасын алады деп сенемін», – дейді министр Мағзұм Мырзағалиев.
Жануарлар 30 қаңтарда сағат 19:15 шамасында ШҚО Жанғалы ауданын бақылау кезінде анықталған. Оқиға орнына Жанғалы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу қызметкерлері келді. Анық-қанығы тергеуден соң белгілі болады.