Кінәсін мойындамаған экс-директор сотталды
Кінәсін мойындамаған экс-директор сотталды
Фото: nur.kz
164
оқылды

Петропавл қалалық соты Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директорына қатысты үкім шығарды. Ол өзінің екі көмекшісі арқылы бірнеше рет пара алды деген күдікке іліккен болатын.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдамалы баспана бергені үшін тұрғындардан пара талап еткен шенеуніктер былтыр сәуірде ұсталған болатын. Сотта олар өз кінәсін мойындаған жоқ. Өз әрекеттерінде қылмыс белгісі жоқ екенін алға тартқан олар соттан өздерін ақтап шығаруды сұрады. Алайда кінәсі сотта куәгерлердің сөзімен және жазбаша дәлелдермен толық дәлелденді. Прокурор сот орындығындағы әйел мен оның сыбайластарын 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот олардың біреуінің жас баласы бар екенін және бұған дейін сотталмағандарын ескерді. Сот үкімімен экс-директор 8 жылға түрмеге қамалды. Сондай-ақ ол өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Оның сыбайластарының әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан және 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Солтүстік Қазақстан облысы