Ертең жеті өңірде ауа райы құбылмалы болады
Ертең жеті өңірде ауа райы құбылмалы болады
Фото: uralskweek.kz
106
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, ертең жеті облыста ауа райы құбылмалы болады.

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында 15-20 м/с жел соғып, ол оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай ауысады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. 8-9 ақпан күндері Жамбыл облысының солтүстік-шығысы, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Таразда тұман болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман, күтіледі. Қызылордада тұман болады.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Шымкентте де тұман басып, жауынның соңы көктайғаққа ұласады. Түркістанда да түнде және таңертең тұман түседі.