Алматыда оқ-дәрі жасырылған екі орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Полиция мәліметінше, Алматының Медеу ауданындағы Нүсіпбеков көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан Калашников автоматының 5,45 калибрлі 20 оқ-дәрісі табылған. Екінші жер Алатау ауданынан табылған: құлаған ағаштың тамырына "Макаров" тапаншасының 40 оқ-дәрісі салынған полиэтилен пакеті жасырылған.
"Табылған оқ-дәрілер биыл қаңтардың басында Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық жолмен алынған болуы мүмкін. Екі дерек те ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша аумақтық Полиция басқармаларында соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқ-дәрілерді жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.