Бейжің Олимпиадасы: 8 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады?
Бейжің Олимпиадасы: 8 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады?
174
оқылды
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының төртінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен жарыс жолына шығады, – деп хабарлайды Prosports.kz. Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Евгений Величко мен Виталий Пухкало өнер көрсетеді, ал әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. Ал екі биатлоншымыз Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады. Конькимен жүгіруде Дмитрий Морозов 1500 метр қашықтықта ел намысын қорғайды. 8 ақпандағы жарыс кестесі:  Шаңғы жарысы 14:00 Жекелей спринт. Іріктеу. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс. 16:30 Жекелей спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс. Биатлон 14:30 Жекелей жарыс, 20 км. Ерлер. Конькимен жүгіру спорты 16:30. 1500 м. Ерлер Қайдан көруге болады: Qazaqstan, Россия 1 - 14:25 (биатлон). Qazaqsport, Матч ТВ, Матч Арена - 16:25 (конькимен жүгіру спорты). Хабар, Матч ТВ - 13:55, Первый канал - 16:15 (шаңғы жарысы).