Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?
176
оқылды
Синоптиктер 8, 9 және 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметі. Қазақстан аумағының басым бөлігіне ай аяғына қарай Екатеринбург аудандарынан келетін циклон әсер етеді.
"Осыған байланысты ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін. Ай аяғына қарай, Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді", - делінген хабарламада.