Екібастұз тұрғыны 9-қабаттың балконында ұйықтап қалған
Екібастұз тұрғыны 9-қабаттың балконында ұйықтап қалған
145
оқылды
Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Сәтбаев көшесінің 9-қабатындағы балконның күнқағарында ер адам жатқаны туралы хабарлама түскен.
- Оқиға орнына дереу автопатруль жіберілді, жедел медициналық көмек және ТЖ қызметі шақырылды. - 39 жастағы ер адам үйдің төбесіне шатыр арқылы шығып, тоғыз қабатты үйдің балконына көтерілгені белгілі болды. Ол осылайша пәтерге кіруге тырысқан, - дейді департаментте.
Құтқарушылар ер адамды түсіргеннен кейін полиция қызметкерлері қала тұрғынын медициналық куәландыруға жіберді. Сараптама қорытындысы оның мас күйінде болғанын көрсетті.