Семейде әскерилерге тиесілі «ТИГР» арнайы көлігін басып алуға қатысқан күдіктілердің бірі ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2 548 қылмыстық іс бар. Қылмыс жасады деген күдік бойынша уақытша ұстау абақтысына 887 адам ұсталып, оның 789-ы қамауға алынды. Олардың 205-і - бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 8-і - іздеуде жүрген адамдар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.Оның атап өтуінше, күдіктілердің кінәсі алынған заттай дәлелдемелермен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен, куәлардың айғақтарымен және басқалармен дәлелденеді.