Шавкат Рахмонов ресейлік файтермен кездесу жайлы пікір білдірді
Шавкат Рахмонов ресейлік файтермен кездесу жайлы пікір білдірді
134
оқылды
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов лиганың жартылай орта салмақтағы үздік 15 спортшының қатарына кіретін ресейлік Муслим Салиховпен кездесу туралы пікір білдірді. "Мықты қарсылас. Соққылары жойқын. Егер бізді бір-бірімен қарсы қойса, жекпе-жек өткіземіз. Басқа амал жоқ. Ол да айқасқа келісім беретін секілді", - деді Рахмонов "Вестник ММА" YouTube арнасына берген сұқбатында.  Еске салайық, Рахмонов өзінің соңғы кездесуін өткен аптада Лас-Вегас қаласында UFC Вегас 47 турнирінде өткізіп, гайаналық Карлстон Харристі бірінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл отандасымыздың UFC ұйымындағы үшінші жеңісі болды.