Біржан – үздік сұрмерген
Біржан – үздік сұрмерген
Футзалдан EURO-2022 турнирі аяқталды. Құрлықтық доп додасының финалында Португалия құрамасы Ресейді 4:2 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Ал үшінші орын үшін өткен ойында Испания құрамасы Украинадан үш доп айырмасымен (4:1) басым түсті. Ширек финалда Қазақстан құрамасы дәл осы Украинаға есе жіберген болатын. Нидерландта өткен доп додасында қазақстандық ойыншы Біржан Оразов үздік cұрмерген атанды. Қазақстандық ойыншы 4 ойында 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Сұрмергендер тізімінде екінші орын алған ресейлік үш ойыншы – Антошкин, Чишкала және Соколовтың еншісінде 5 голдан бар.

Әбілмансұр ЖАСАН