Білім және ғылым министрлігі жүргізген тексеру кезінде университеттерде сабаққа бармастан студент ретінде тіркелген 10 мыңға жуық азамат анықталып, олар оқудан шығарылды. Бір қызығы, жоғары оқу орнында олардың құжаттары болмаған. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов мәлім етті. Ведомство басшысының мәліметінше, өткен жылы білім сапасы төмен 15 жоғары оқу орны жұмысын тоқтатқан. Сондай-ақ білім беру сапасы нашар 65 университет пен 30 колледждің лицензиялары кері қайтарылды. 100 мыңнан астам студент басқа жоғары оқу орнына ауыстырылды.
Ш.АТЫХАНҰЛЫ