Қазақстанға Ауғанстан мен Сириядан қанша босқын келді?
Қазақстанға Ауғанстан мен Сириядан қанша босқын келді?
Фото: twitter.com
285
оқылды

Қазақстанға Ауғанстан мен Сириядан 300-ден астам босқын келген, – деп хабарлайды AstanaTV.

Cоғыс қаупі сейілмеген Ауғанстаннан 2007 жылы Қазақстанға көшіп келген Әбдүлкабир Абдулуакилханның күйеу баласы да таяуда ауған жерінен елімізге көшіп келген.
Шымкент қаласының тұрғыны Әбдүлкабир Абдулуакилхан: «Ауғанстанда жұмыс жоқ. Үкімет жоқ. Не дүкенде, не халықта жұмыс жоқ. Бәрі басын алып қашып жатыр ғой. Ауғанстанда амал жоқ шыдап отырды. Бала-шағасы осында болғасын келмесе болмайды», – дейді.
Қоғамда босқындарды қауіпті санайтындар аз емес. Әлеуметтанушы Нұрлан Байғабылов босқындардың әлеуметтік мәселесін шешу үшін оңтайландырылған бағдарлама әзірленуі керек екенін айтты.
«Қоғамдық пікір бұл жақта әрине екі түрлі. Бір жақтан қабылдау мәселе, екінші жақтан қажет емес. Яғни, босқындарды қабылдаудан өзімізде де ішкі мәселелер көп дегендей. Қазақстанның әлеуметтік шынайылығында өзіндік оңтайландырылған бағдарлама аясында қабылдауға болады», – дейді ол.
Осыған дейін босқындардың әлеуметтік мәселесімен ішкі істер органдары айналысатын. Енді ол жұмыс Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелді.
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов: «ЕҚЫҰ-ның босқындармен жұмысы негізінен оларға әлеуметтік, медициналық қызмет көрсетуге және білім беруге бағытталады.Бұл жұмысты «азаматтық органға» беру барынша құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, шетелдіктердің, оның ішінде босқындардың мәселесі тиімдірек шешіледі деп ойлаймыз, – дейді.

Бұған дейін Ауғанстан босқындарын елімізге қоныстандыруға қатысты Президент пікірін жариялаған болатынбыз.