«Дикий Арманның» адвокаттары прокуратура мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
«Дикий Арманның» адвокаттары прокуратура мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Фото: sputnik.kz
132
оқылды

«Дикий Арманның» адвокаттарының айтуынша, қадағалау органының өзі тергеу құпиясын ашып отыр, – деп жазады Sputnik.kz.

Арман Жұмагелдиевтің адвокаттары Бас прокуратура өкілінің мәлімдемесіне таңғалып отыр. Себебі, кеше Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров «ел арасында «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің адамдары 24 бейбіт тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстаған», – деп айтқан болатын. Ризабек Ожаровтың айтуынша, 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды, құрықталған 21 адам бұрын кісі өлтіру, ұрлық, тонау бойынша істі болған.
«Олардың арасында «Дикий Арман» (Арман Жұмагелдиев – ред.) мен оның қылмыстық тобының адамдары да бар. Оның адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың арасынан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап әкетіп, күштеп ұстады. Оларды алдымен бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан. Бір адам қаза тапты. Қарақшылар бұған дейін 12-қалалық ауруханада қатты соққыға жығылған полицейдің қызметтік қаруын алып кеткен», – деді Ризабек Ожаров.
Факті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ал Арман Жұмагелдиевтің қорғаушыларының пікірінше, біріншіден, тергеу құпиясы ашылды. Екіншіден, Арман Жұмагелдиевтің қорғаушысы бұл мән-жайларды бірінші рет естіп отыр. Мұның мән-жайы қылмыстық қудалау органы біліктілігі қаулысымен өз қорғаушысына ұсынылмаған.
«Қорғау тарапы Бас прокуратура өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің тиісті процессуалдық рәсімдерінсіз Жұмагелдиев Арманға қатысты болмаған мән-жайларды жариялап, БАҚ пен қоғамды қасақана жаңылыстырды деп есептейді. Мұнымен тергеу біржақты және айыптау бағытында өтетінін көрсетті», – деді адвокат Талғат Есімов.