Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні орындалды – видео
Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні орындалды – видео
Фото: Руслан Меделбектің Facebook-тағы парақшасынан алынды
384
оқылды

Бейжіңде мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс Абай өлеңінің әуеніне сырғанады. Бұл туралы журналист Руслан Меделбек Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Бейжіңде Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасы» шырқады. Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс (Deniss VASILJEVS) қысқа бағдарламасын Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасынан» бастады. Бұл - қазақ композиторы Марат Бейсенғалиев пен британиялық Карл Дженкинстің Sarakiz II: Romanza композициясынан үзінді», – деп жазды Руслан Меделбек.
https://youtu.be/qTgmDaD_Yvk

Бұған дейін Бейжің Олимпиадасында бүгін жарысқа қатысатын спортшыларымыз туралы жазған болатынбыз.