Тұрғындардың табысын арттыру қажет – Президент
Тұрғындардың табысын арттыру қажет – Президент
Фото: yandex.kz
222
оқылды

Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция шектен асып кетті. Сондықтан алдағы уақыттағы басты міндет – инфляцияны төмендету.

«Былтыр ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға ұлғайды. Алайда инфляция 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасынан көптеген азамат зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады. Бизнес 100 млрд теңгеден астам шығынға батты. Жаңа Үкіметтің алдында елдің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Жоспарланған реформаларды жүзеге асырып, инфляцияны төмендетіп, азаматтардың табысын арттыруымыз қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.