1 миллион адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді – Президент
1 миллион адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді – Президент
Фото: yk-news.kz
255
оқылды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі жайындағы есеп туралы айтты. Қазір елімізде 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Мемлекет басшысы мұны 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш деді. «Орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп берілуде. Бұл – нағыз көзбояушылық. Менің тапсырмам бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.