Еңбекші ауданында үйлер жаңа электр желісіне қосылды

Еңбекші ауданында үйлер жаңа электр желісіне қосылды

Шымкент қалалық партия филиалына Еңбекші ауданы Жалын тұрғын алабының тұрғындары атынан Дина Рахманқұлқызы келіп, Жалын тұрғын алабындағы 566 абонентке арналып тартылған жаңа электр желісіне үйлерді жеделдетіп қосуды сұрап, өтініш білдірді. Өтініш берушінің мәселесімен «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық,  Еңбекші аудандық филиалының төрағасы Досбол Күздікбайұлы  толыққанды танысып шықты. Мәселені қарай келе, Еңбекші ауданының әкімі және Энергетика  және инфрақұрылымды дамыту басқармасының  ықпалымен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тиісті жұмыстарды атқаратын болды. Осылайша, 2022 жылдың қаңтар айында Жалын тұрғын алабындағы үйлерді жаңа электр желісіне қосу жұмыстары басталып, тұрғындардың өтініші орындалды.