«Халыққа көмек»: 30 отбасының өтініші орындалды
«Халыққа көмек»: 30 отбасының өтініші орындалды
«Халыққа көмек» жобасы аясында "Nur Otan" партиясының Атырау, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Түркістан облыстарының аудандық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, жалғызбасты аналар, мүгедек балалар бағып отырған 20 отбасы  көмек сұрап келген. "Nur Otan" партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарлары және қала, аудандық мәслихат депутаттары партияның  «30 қайырымды іс» акциясы аясында өтініш білдірген отбасыларға демеушілік көмек көрсететінін жеткізді. "Nur Otan" партиясы қызметкерлерінің көмегімен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 30 отбасыға барлығы 1 млн теңге көлемінде азық-түлік  және дәрі-дәрмек сатып алуға көмек  көрсетілді.