Атырау облыстық мәслихатының депутаты Қ.Қасымғалиевтің қабылдауына келген Құрманғазы ауданының тұрғыны Хасан Галиев, Атырау қаласында тұратын жеңгесі, зейнеткер Уакиза Галиеваның үйінде жылу жүйесі жұмыс істемейтінін, 2 топ мүгедегі, қызының 3 мектеп жасындағы баласын бейімдеу орталығына алып кеткенін және үйде тұру мүмкіндігі жоқ екенін айтып, жылу жүйесіндегі ақауды жөндеп беруге көмек сұрады. Облыстық мәслихат депутаты Қанатбек Махмудұлы қабылдаудан кейін, зейнеткердің үйіне өзі барып, мән-жаймен толық танысты. Үйде адам тұратын мүмкіндік жоқ. Жылу жүйесін толығымен қайта жүргізіп, жылу қазандығын орнату қажет. Терезелері мен есіктерін ауыстырмаса, жүргізілген жылу жүйесінен пайда болмайтыны анық байқалып тұр. Еденді жаңалау керек, аулада тау болып үйілген құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды шығару керек. Басқа да көптеген жұмыстар бар. Облыстық мәслихаттың депутаты Қ.Қасымғалиев осы істі қолға алып, жеке қаражатын, басқа мүмкіндіктерін қосып 1 ай бойы жұмыс атқарды. Осылайша, жылу жүйесі толығымен қайта жүргізілді. Жел улеп, тесік жатқан ескі ағаш терезелердің орнына заманауи пластикалық терезелер орнатылды. Ашылып-жабылуы қиындаған ағаш есіктердің орнына бөлмеаралық 9 жаңа есік орнатты.Тұрғынның үйіне толығымен жөндеу жұмысы жүргізіліп, аулада 2 жерде тау болып үйілген қоқыс шығарылды. Зейнеткер У.Галиева мен 2 топтағы мүгедектігі бар қызы Айгүл мұндай үлкен көмек күтпегенін айтып, ағынан жарылды. Олар нұротандық депутатқа, қолдаған ұжым мүшелеріне шынайы ризашылығын білдірді.