Қарағанды облысында әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаздар табылды, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Жедел-іздестіру шаралары барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жүрген жері белгілі болды. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер ұсталды. Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.