"Қазақстан халқына" қоры 42 500 теңге "әлеуметтік жәрдемақыға" қатысты мәлімдеме жасады
"Қазақстан халқына" қоры 42 500 теңге "әлеуметтік жәрдемақыға" қатысты мәлімдеме жасады
© iguides.ru
151
оқылды
Алаяқтар қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасын пайдаланып, қазақстандықтар атына несие рәсімдеуге көшкен. Бұл туралы "Қазақстан халқына" қорының баспасөз қызметі хабарлады. Тек демалыс күндерінің өзінде "Атамекен" ҰКП байланыс орталығына осындай шағыммен 250 адам жүгінсе, дүйсенбі, 7 ақпанда осы тектес тағы 186 қоңырау түскен. Мәселен, өтініштердің бірінде Шымкент тұрғыны атаmekenim.kz сайтында көмекке өтініш беріп, барлық мәліметтерді толтырғаннан кейін экранда несиенің сәтті өңделгені туралы ақпарат пайда болғанын, содан кейін оған одан әрі ақшалай несие рәсімдеу туралы ұсыныспен бейне қоңырау түскенін айтқан. Дәл осындай оқиға Өскеменде де болды. Онда қала тұрғынына электронды үкіметтің жалған порталы атынан SMS хабарлама жіберіліп, одан кейін ақшалай көмек түрінде 1 166 000 теңге алу үшін жолданған SMS кодын атауды сұраған алаяқ хабарласқан. Осыған дейін Қордың әлеуметтік желідегі мессенджерлеріне "Қазақстан халқына" қоры атынан телефон соққан алаяқтар төлеуге уәде еткен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыға қатысты сұрақтар келіп түскен болатын.
"Қор мессенджерлер арқылы бейне немесе аудио қоңыраулар жасамайды. Жалғыз байланыс құралы – qazaqstanhalqyna.kz сайты және atamekenim.kz қайырымдылық ұйымдарының бірыңғай платформасы. Біз азаматтардың қауесеттерге сенбеуін және алаяқ ұйымдардың арандатуына берілмеуді сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер", – дейді "Қазақстан халқына" қорының ресми өкілі Әлібек Әбділов.