Бейжің Олимпиадасында шаңғыдан әйелдер арасындағы спринттен іріктеу сыны аяқталды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижені Надежда Степашкина тіркеді. Ол 51-ші орында. Ангелина Шурыга 60, Ксения Шалыгина 67, Ирина Быкова 68-ші сатыға тұрақтаған. Ширек финалға жолдама алу үшін спортшылар алғашқы 30 шаңғышының қатарына енуі керек.