Үкіметтің жұмысы барынша ашық және ширақ болу керек – Нұртөре Жүсіп
Үкіметтің жұмысы барынша ашық және ширақ болу керек – Нұртөре Жүсіп
©primeminister.kz
172
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Сенатор Нұртөре Жүсіп елдегі ең өміршең әрі өзекті мәселелер Мемлекет басшысы назарында екенін, бақылауда ұстап отырғандығын айтты. – Президент Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық  дамуы туралы  есептерін тыңдады. 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары ортаға салынды. Президент осы жиында жерді ұтымды пайдалану, көлік құрастыру, Үкіметтің мемлекеттік бағдарламалары туралы өз ойларын ортаға салды. Аудан әкімдеріне жұмыс орындарын көптеп ашу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ атом электр станциясы, утилизациялық алым, банктерді сауықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, елдегі жалақы мәселесі, инфляцияны реттеу жөнінде де нақты ұсыныстарды айтып, осы мәселелерді шұғыл шешуге пәрмен берді. Кедейшілік пен шеттен тыс байығандар жөнінде де өз көзқарасын білдірді. «Самұрық-Қазына», «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ұлттық қор жөнінде нақты талаптар қойды. Қаңтар оқиғасынан кейін экономикамызды тезірек сауықтыру жөніндегі нақты  шараларды белгілеп бергені көңілге қуаныш ұялатты. Сондықтан енді Үкіметтің бұдан арғы жұмысы барынша ашық және ширақ, тиімді болу керек деп есептеймін, – деді сенатор Нұртөре Жүсіп.