БҚО-да алты жасар бала құдыққа құлап кетті
БҚО-да алты жасар бала құдыққа құлап кетті
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 
"8 ақпанда сағат 13:38-де Теректі ауданы Подстепное ауылындағы Лесная көшесіндегі 40-үйде бір бала септикке құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар аулада ойнап жүрген 2015 жылы туған баланың құдыққа құлағанын анықтаған", – дейді ауысымының бас құтқарушысы Тимур Бегалиев.
Құтқарушылар әлі іске қосылмаған құрғақ септик оқпанында жатқан баланы алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, қабырғалық сүйектің сызықты сынуы диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр деп бағалануда. Оқиға орнына төрт құтқарушы мен 1 арнайы техника жұмылдырылған.