Желіде ел астанасы Қостанайға ауысады деген ақпарат тарады
Желіде ел астанасы Қостанайға ауысады деген ақпарат тарады
186
оқылды

Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың астананы Қостанайға көшіру туралы мәлімдегені жайлы ақпарат таралып жатыр. Бұл – жалған, – деп хабарлайды stopfake.kz.

«Ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған. Елорданы көшіру туралы мәлімдеме akorda.kz ресми порталында да шықпаған. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында да бұл туралы жазбаған. Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ.
Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдемесі фейк.