Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы маңында жасырылған қару-жарақ табылды
Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы маңында жасырылған қару-жарақ табылды
355
оқылды
Көктөбе телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көктөбе телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілгент ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты.
– Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау мақсатында сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланып, қылмыстық мақсатқа пайдаланылған болуы да мүмкін, – дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Сонымен қатар, полицияда заңсыз қару сақтаған азаматтарға оларды өз еркімен тапсыруға мүмкіндік берілетінін еске салды