Үздік төрттіктеміз
Үздік төрттіктеміз
Қазақстан футзал құрама­сы Еуропадағы үздік команда­лардың арасындағы орнын сақтап қалды. Еуро-2022 додасында ширек финалда Украина құрамасынан жеңілген қазақстандықтардың еншісінде 2 363,187 ұпай бар және рейтингте төртінші орында тұр. Жаңартылған рейтингіде бірінші орында жуырда Нидерландта өткен турнирде Еуропа чемпионы атанған португалиялықтар тұр. Олардан кейін Еуро-2022 финалында Португалиядан жеңілген Ресей құрамасы жайғасқан. Үздік үштікті қола жүлдеге қол жеткізген Испания түйіндеп тұр.

Әбілмансұр ЖАСАН