Сенат Төрағасы Германия елшісімен кездесті

Сенат Төрағасы Германия елшісімен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Сұхбаттасу кезінде Мәулен Әшім­баев таяуда ел Президенті жария­лаған Жаңа Қазақстанды құру­ға бағытталған жүйелі шаралар туралы айтты. Сенат Спикері осы­ған байланысты елімізде түрлі са­лада белсенді жұмыс жүргізіліп жат­қанын, олардың негізгі міндеті әлеу­меттік теңсіздікті азайту, мем­лекеттің экономикаға қатысуын тө­мендету, шағын және орта бизнесті жаппай дамыту екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ елдің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру да маңызды басымдықтардың бірі екені айтылды. Сонымен қатар тараптар екі ел­­­дің парламентаралық байланысын әрі қарай дамыту перспектива­ларына кеңінен тоқталды. Одан бө­лек, Қазақстанның Жаңа эко­но­ми­калық бағдарын іске асыру ая­сын­дағы ынтымақтастық мәсе­ле­лері сөз болды. Елші Қазақстан Президентінің ре­формаларына қолдау білдіріп, олар­ды елдің даму жолындағы маңыз­ды қадам деп атады. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының бас­та­маларын іске асыру аясында ел­деріміз арасындағы ынтымақтас­тыққа дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Мәулен Әшім­баев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының бас­­шысы ретінде елшіге Герма­ния­ның бірқатар дін лидерлері мен көрнекті саяси қайраткерлеріне съезге шақыру хаты жолданғанын айтты. Ол Әлемдік және дәстүрлі дін­дер лидерлерінің VII съезі биыл­ғы қыркүйек айында өтеті­ні­не назар аударып, дипломатты Гер­маниядан шақырылған деле­гат­­тардың форумға қатысуына жәр­демдесуге шақырды.