Допты хоккей: «Ақжайық» жеңіске жетті
Допты хоккей: «Ақжайық» жеңіске жетті
235
оқылды
Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайық» өз айдынында «СКА-Свердловск» командасымен екінші ойын өткізді. Бұл кездесуде де Николай Шавалдиннің шәкірттері айқын басымдық көрсетіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында екі рет мергендік танытқан ресейлік легионер Максим Пахомов биылғы маусымда соққан гол санын 30-ға жеткізді. Сондай-ақ команда капитаны Максим Өтебалиев қос голдың авторы атанды. Ресейліктер Сергей Башаев пен Александр Слугин қарсыластың қақпа­сына бір-бір доптан енгізді. Қонақтардан Алексей Снегирев қана гол соға алды. Осы ойыннан кейін 27 ұпай жинаған оралдық клуб үшінші топта төртінші орынға көтерілді. Айта кетейік, «Ақжайық» келесі ойынын Орал­да 11-12 ақпанда негізгі қарсыластары­ның бірі «Маяк» (Краснотурьинск) коман­дасына қарсы өткізеді.

Әбілмансұр ЖАСАН