Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайық» өз айдынында «СКА-Свердловск» командасымен екінші ойын өткізді. Бұл кездесуде де Николай Шавалдиннің шәкірттері айқын басымдық көрсетіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында екі рет мергендік танытқан ресейлік легионер Максим Пахомов биылғы маусымда соққан гол санын 30-ға жеткізді. Сондай-ақ команда капитаны Максим Өтебалиев қос голдың авторы атанды. Ресейліктер Сергей Башаев пен Александр Слугин қарсыластың қақпасына бір-бір доптан енгізді. Қонақтардан Алексей Снегирев қана гол соға алды. Осы ойыннан кейін 27 ұпай жинаған оралдық клуб үшінші топта төртінші орынға көтерілді. Айта кетейік, «Ақжайық» келесі ойынын Оралда 11-12 ақпанда негізгі қарсыластарының бірі «Маяк» (Краснотурьинск) командасына қарсы өткізеді.
Әбілмансұр ЖАСАН